Мәдениет & Шоубиз 11.10.2022 сағат 16:40

Айнұр Тұрсынбаеваның сіңілісі туған күнінде доллар шашты

Адамның психологиялық және эмоционалдық деңгейін дамытады.
Айнұр Тұрсынбаеваның сіңілісі туған күнінде доллар шашты
Фото: видео кадры
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның туған сіңілісі, мотиватор Ардақ Жексенбайқызы туған күнінде ақшадан шашу шашты, деп хабарлайды Экспресс К.

Халықты ақша табуға үйретіп, мотивация берумен аты шыққан Ардақ Жексенбайқызы туған күнін дүркіретіп атап өтті. Оның Instagram-дағы парақшасынан мерекелік кештің "мафия" стилінде өткенін көруге болады.

"Туған күн — мафия стилінде өткендіктен, міндетті түрде "Мафия" ойынын ойнадық. Бұл ойын: адамның танымдық қасиетін арттырып ойлау қабілетін жақсартады. Адамның психологиялық және эмоционалдық деңгейін дамытады. Ішкі сезімдерге құлақ аса отырып, нақты шешім шығаруға ықпал етеді. Мафия ойыны — бизнес саласында өркендеуге өте керемет көмек береді", — деп жазды Ардақ Жексенбайқызы.

Ардақты туған күнімен құттықтап жатқандар көп. Әпкесі Айнұр Тұрсынбаева да сіңілісіне ақжарма тілегін білдірген.

"Менің сүйікті сіңілім, сені туған күніңмен құттықтаймын және сен армандайтын барлық нәрсе міндетті түрде орындалғанын тілеймін",- деді Айнұр Тұрсынбаева.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар