$ 494.87  520.65  4.91

«Әлемде мұндай ат жоқ»: Ұлықпан Жолдасов өзінің шын есімін жариялады

Дүниежүзінде мұндай ат жоқ. Себебі бұл сөздің ешқандай мағынасы жоқ.

Әнші-композитордың айтуынша, мұндай есім әлі ешкімге қойылмаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Ұлықпанның жеке куәлігіндегі есімі "Умиксат" деп жазылған екен. Әнші өзінің шын атын айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оның сөзінше, орыстар "Ұлықпан" деген сөзді дұрыс түсінбей, куәлігіне қате жазып жіберген.

"Бұл орекеңдердің жасағаны ғой. Ұлықпан дегенді түсінбеген. Содан осылай қалды. Дүниежүзінде мұндай ат жоқ. Себебі бұл сөздің ешқандай мағынасы жоқ",
— дейді әнші-композитор.

Өнер жұлдызының шын есімін естіген желі қолданушылары таңданыстарын жасырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары