Шоу-Бизнес әлемінде "Бүркіт" лақап атымен танылған әнші Әміре өзінің сүйіктісін көрсетті. Бірақ жұрт бойжеткенді Жанар Дұғаловаға ұқсатуда, деп хабарлайды Экспресс К.
Бейнежазбаны әнші әлеуметтік парақшасында жүктеді. Видеода Әміренің мейрамханада қызбен отырғанын байқайсыз. Тіпті ол бұл бейнежазбаны "сені күнде көру, қол ұстасып жүру, неге маған арман" атты ән жолдарымен әрлеген.
Желідегі жұрт Әміренің осы бейнежазбасына жаппай пікір қалдыруда. Тіпті қасында отырған бойжеткенді Жанар Дұғаловаға ұқсатқан.
"Әміре Жанарды баяғыдан ұнатады ғой". Дұғалова кәрі ғой Әміре үшін". "Жанар біразды көріп тастады ғой, балапан-ау". "Кімге кімнің кәрі-жас екенін әркім өзі шешеді". "Шынымен Жанар болса қуаныштымын, күшті жарасады", — деген жазбаларын қалдыруда желідегі жұрт.