$ 446.49  475.38  4.79

«Ертегідегі дәу мен қаңбақ шал сияқты»: Абай Бегей атыраулық алыппен түскен суретін көрсетті

Мына жігітті киноға түсуге шақыру керек.

Атырау облысының тұрғыны Парасат Нұрғалиев дене бітімі ерекше, алып тұлғалы жігіт. Отандық әнші Абай Бегей Парасатпен суретін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші алып жігітпен түскен суретін Instagram парақшасына салған.

"Атырау Облысы, Индер ауданы Құрылыс ауылында тұратын Парасат інім. Әлі бойдақ екен", - деп жазды Абай Бегей.

Ал желі қолданушылары әнші мен алып жігітті салыстырып, түрлі пікір қалдырған.

"Мына жігітті киноға түсуге шақыру керек", "Қандай анадан туды екен", "Бұрын адамдар осындай ірі болған".

"Ертегідегі дәу мен қаңбақ шал сияқты", "Фотоға бірге түспей-ақ қою керек еді", "Фотошоп шығар", "Жанында баласы сияқты болып қалдыңыз", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін атыраулық Парасат Нұрғалиев жайлы жазған болатынбыз. Оның бүгінде бойы 2 метр 15 см, салмағы 150 келі, ал аяқ киім өлшемі - 56.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары