Актриса Дариға Бадықова және оның жолдасы жақында жол апатына ұшыраған болатын. Актрисаның күйеуіне Алматы қаласында үлкен ота жасалды,- деп хабарлайды Caravan.kz порталы. Отадан кейінгі жағдайын қалай екендігін білу үшін тілшіміз актриса Дариға Бадықовамен байланысты.
- Дариға ханым қорыққандарыңыз қуаныш болсын. Денсаулықтарыңыз қалай, жолдасыңыздың операциясы қалай өтті? Қазіргі жағдайы қалай?
- Өз жағдайыма келсем күннен- күнге көкіректерім бәрі ауырады. Дем алсам ауырып тұр. Қазір түшкіруді, жөтелуді қойдым мен. Түшкірік келе жатса қорқам, себебі не түшкіре алмаймын не жөтеле алмаймын. Нервтар қысылып тұр кішкене, бәрін жақсылап емдетем бұйырса.
Дархан больницада, операциясы өте қиын өтті, өте қиын болды. 2,5 сағат наркозбен жасалды. Сосын 2- күннен кейін қатты қиналды, жаңағы салған анау темір сүйектерді бір-біріне енді қосу деген өте қиын нәрсе ғой. Өйткені етті ұстап тұратын сүйек сынып кетіп тұр да, соны жасады. Аллаға шүкір, аман қалдық бастысы. Жаңағы келе жатқан машинаны күтіп алу, ол адреналин болды , ішкі бүкіл нерв қозғалып кетті десем болады, іштегі темпоритмді айтып түсіндіре алмаймын кәдімгідей. Болды өлдім дедім... Бірақ өкініш болған жоқ, ешқандай өкініш болған жоқ. Бұл да бір сынақ деп түсінем мен. Бірақ сынып кету жоқ, өмір жалғасады ғой енді, қандай жағдай болмасын. Аман қалдық ең бастысы. Анандай авариядан, анандай машинадан бір Құдай бізді сақтады. Мың шүкір тек қана шүкір деймін болды. Дархан бұйыртса ертең шығады Алла бұйыртса , ауыр көтеруге болмайды , өзін күту керек бір жылға дейін-деді.