$ 444.14  477.05  4.85

Жанар Айжанованың қызы қажылыққа барды

Меккеге барған Айжұлдыз Адайбекова бұған дейін жартылай жалаңаш суретін желіге жариялап, басы дауға қалған еді.

Музыкант, актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова қазір Меккеде кіші қажылығын өтеп жүр, деп хабарлайды Экспресс К.

Жанар Айжанованың қызы қасиетті сапарға аттанғаны туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Маған да бұйырыпты. Сіздерге де бұйырсын. Қабыл болғай",- деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.

Сондай-ақ, Айжұлдыз бұл сапарда болашағын, арман-мақсаттарын шын жүректен тілеп, сұрайтынын, оқырмандары үшін де тілек тілейтінін жазды.

Бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова жартылай жалаңаш суретін желіге жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары