$ 494.87  520.65  4.91

Актриса Гүлбаһрам Байбосынова өзінен 10 жас кіші жігітке тұрмысқа шықты

Танымал актриса өзінен 10 жас кіші жігітпен көңіл жарастырып, күні кеше некесін қидырған.

Дәл қазір әлеуметтік желіде актриса Гүлбаһрам Байбосынованың жеке өмірі қызу талқығы түсіп жатыр. Ол өзінен 10 жас кіші жігітпен көңіл жарастырып, күні кеше некесін қидырған, деп хабарлайды Экспресс К.

Гүлбаһрам Байбосынованың таңдауы жас актер Қазбек Төленге түскен. Қос ғашық жеке өміріндегі жағымды жаңалықты өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Бүгін Алланың қалауымен үлкен қадам жасадық. Өмірдің ызғары мен ыстығына өзіңізбен бірге шыдауға дайынмын. Толыққанды бақыттың егесі болып, сол үлкен бақыттың бесігінде тербеліп және оның екі дүниеде де жалғасуын тілеймін, - деп жазды күйеу жігіт.

Өзінен 10 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан актриса да бақытты екенін айтып, сүйіктісінің постына жазба қалдырды.

"Алла разылығы үшін жақсы көремін,- деп жазды актриса Гүлбаһрам Байбосынова.

Айта кетейік, Гүлбаһрам Байбосынова — әйгілі дәстүрлі әнші Қайрат Байбосыновтың қарындасы. Актриса 1987 жылы Қарағанды өңірінде дүниеге келсе, оның сүйіктісі Қазбек Төлен 1997 жылы Қызылорда облысында туған. Олар — махаббаттың жас талғамайтынын дәлелдеген жұптардың бірі.

Ғашықтардың арасы тура 10 жас екен. Екеуі де — Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының түлектері. Олар Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында танысып, табысқан көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары