$ 494.87  520.65  4.91

Караокеде ән айтқан Төреғали мен әйелінің дауысы жұртты шошытты (ВИДЕО)

Ерлі-зайыптылар "Любовь моя" әнін орындаған.

Әлеуметтік желідегі әр қадамы бірден жұрт назарына ілігетін Төреғали тағы да елден сөз естіді. Бұл жолы атышулы шоу-бизнес жұлдызының жанды дауыста шырқаған әні халықтың ашуын тудырған, деп хабарлайды Экспресс К. 

Ғаламторда тараған бейнежазбаға көз жүгіртсек, Төреғали мен келіншегі Толқын караокеде ән салып отыр. Ерлі-зайыптылар "Любовь моя" әнін орындаған. Бұл видеоны көрген көпшілік Төреғалидың жанды дауысынан шошып, түрлі жағымсыз пікір жазып жатыр.

"Салмай-ақ қою керек еді. Түк дауысы жоқ. Мынау әнші емес, фонограммамен бақырып жүрген біреу ғой. Одан әйелі жақсы айтады", "Тәп-тәуір әннің сыйқын бұзып... дауысы жететінін айта бермей ме?", "Еріккен сарт, қазақшаңды жанды дауыспен айтшы, көрейік"

— деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары