$ 481.84  531.33  5.07

«Дос-Мұқасан» ансамблі ақша табу үшін тойға шығуға мәжбүр

Олар концерттен көп ақша таба алмайды. Ал тойда біраз ақша төлейді.

“Дос-Мұқасан” тобының негізін қалаған, академик Досым Сүлеев аты аңызға айналған ансамбльдың тойға шығып, ақша табуға мәжбүр екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Досым Сүлеев Youtube-тегі "TALKLIKE" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда академик "Дос-Мұқасан" тобының қалай құрылғанын және ансамбльдың қазіргі жай-күйі туралы баяндайды. Оның айтуынша, топ мүшелері ақша табу үшін той-томалаққа шығуға мәжбүр.

"Қазіргі заманда ақша табу керек қой. Олар концерттен көп ақша таба алмайды. Оның үстіне концерт күнде бола бермейді ғой. Ал тойда біраз ақша төлейді. "Дос-Мұқасан" деген аты бар. Олар тойға шығуға мәжбүр, " - деді Досым Сүлеев.

Биыл "Дос-Мұқасан" ансамбліне 55 жыл толды. Осының құрметіне Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен "Дос-Мұқасан" музыкалық көркем фильмі түсірілген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары