$ 448.15  483.46  4.86

Мақпал Жүнісова: «Біз байғұс бір байға жарымай жүрміз»

Зәкеңнің жүгі ауыр ғой. Біреуге қарайын десең, ана жақтан келіп: "Әй, қайда бара жатырсың?" деп айтатын сияқты.

Мақпал Жүнісова тағы да әлеуметтік желіні шулатып жатыр. Халық әртісі кезекті концерттің бірінде жеке өміріне қатысты біраз шындықтың бетін ашты, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазнетте қызу талқыға түскен бейнежазба танымал ақын Құрманай Бақтиярқызының Шымкенттегі шығармашылық кешінде түсірілген екен. Аталған видеода Мақпал Жүнісова сахнада тұрып қазіргі таңда көп әйел алуға құмар еркектер жайлы айтқан.

"Мен гүлдерімді шопырларға беремін, күзетшілердің қатындарына беремін. "Әй, апарып беріңдер, қанша қатының бар еді" деп айтамын. Қазір еркектерге жақсы болды ғой, 4-5 әйел ала береді. Біз байғұс бір байға жарымай жүрміз әлі. Құрысын, Зәкеңнің жүгі ауыр ғой. Біреуге қарайын десең, ана жақтан келіп: "Әй, қайда бара жатырсың?" деп айтатын сияқты. Біреу жақындай бастаса, "жақсы, сау болыңыз" дейсің. Шынымен уақыт өтіп кетті ғой. Жүрекке әмір жүрмейді. Енді 60 жастан асқанда сондай махаббат болады деп ойламаймын", — дейді Халық әртісі.

Сондай-ақ Мақпал Жүнісова соңғы кезде тек келіншегі бар ақын-сазгерлермен ғана шығармашылық байланыс орнатқан. Халық артисінің айтуынша, бүгінде бас бос, бойдақ еркектермен өнерде жұмыс істеу өте қауіпті көрінеді.

"Қатындары бар еркектердің әндерін айтамын. Қатындары барлары дұрыс, иә. Сосын тиіспейді ғой деп, "без опасный" адамдардың әндерін айтамын. Басы бос біреулер болса, ертең үйіме кіріп ала ма деп қорқамын. Ғашық болдым деп, өле қосылып, ертеңінде тастап кеткен қаншама еркектер бар. Сондай нәрсені маған жолатпасын деп Алладан сұраймын. Ешкім маған олай ғашық болмасын. Бір күндік, он күндік деген сияқты... Мәңгілік ғашық болған тек Зәкең ғана шығар", — дейді Мақпал Жүнісова жеке парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары