23.11.2022, 17:40

Фахрие Эвджен алғаш рет Бурак Озчивитпен ажырасуы туралы айтты

Оларға не себеп болғаны көрерменнің Бурак Озчивитті Озге Гурелмен романтикалық қатынаста деп ойлауы себеп болды.

Түркияның ең танымал отбасының ажырасу алдында тұрғанын түрік ақпарат құралдары соңғы жылдары үздіксіз жазып келеді.

Оларға не себеп болғаны көрерменнің Бурак Озчивитті Озге Гурелмен романтикалық қатынаста деп ойлауы себеп болды. Ерлі-зайыптылар бұл туралы ұзақ уақыт бойы түсініктеме бермеді, бірақ ақыр соңында Озге мұндай өсек-аяңды оның актерлік шеберлігіне берілген жоғары баға ретінде қабылдайтынын айтты. Шынайы ойнау шеберлігіне балады.

Актриса YouTube арнасына шағын сұхбат берді. Онда отбасының ыдырауы туралы барлық жаңалықтардың жай ғана өсек екенін, олардың Бурак Озчивитпен бірге және бір-бірін қатты жақсы көретінін және отбасын бағалайтынын баса айтты. Ерлі-зайыптылар Каран есімді үш жасар ұл тәрбиелеп жатыр.

Оның айтуынша, түрік журналистері бұдан қызықты жаңалық таба алмағандықтан ғана олардың некесі туралы жаман сөздер жазады.

Massaget.kz