$ 494.87  520.65  4.91

Дәурен Айдарқұлов екі әйелінің көңілін қалай қалдырғанын айтты

Бос уақытымның 80 пайызын достарыма арнасам, тек 20 пайызын ғана отбасыма бөлдім.

тандық актер Дәурен Айдарқұлов бұрынғы некесінде екі әйелінің көңілін қалай қалдырғанын айтты. Өнер иесі қазіргі таңда елдегі ажырасу санын азайту үшін әлеуметтік жобаға атсалысуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Актер өз жазбасын Instagram желісінде жариялады.

"Мен екі некемде де әйелдерімді қалай ренжіткенімді білесің бе? Мен түнде үнемі достарыммен кездесуге кететінмін. Маған дәл осы түні достарыммен кездесуге шықпасам, маңызды бірнәрседен қалып қоятындай көрінетін. Өмірімде енді қайталанбайтын дүниеден айырылатындай болатынмын.

Иә, расымен мен маңызды дүниеден айырылдым. Мен жәй-жайлап өз отбасымнан айырылдым. Бірақ дәл сол сәтте мен оны түсінбедім. Маған достарыма үнемі қолдау білдіру, олармен уақыт өткізу ұнайтын. Бос уақытымның 80 пайызын достарыма арнасам, тек 20 пайызын ғана отбасыма бөлдім", - деп жазды актер.

Сонымен қатар Айдарқұлов ер-азаматтарға кеңес берді.

"Біріншіден, үнемі достарыңызға көңіл бөлу маңызды болып көрінеді. Алайда бұл бос сөз. Бұл тек сіздің эгоңыздың қалауы ғана. Екіншіден, достармен уақыт өткізу көңілді, рахат.

Бірақ сіздің денсаулығыңызға байланысты немесе әлеуметтік, қаржылай қиыншылық туындаса, көмекке бірінші болып туғандарыңыз келеді. Оның ішінде әйеліңіз көмекке ұмтылады. Сондықтан оны бағалаңыз", - деді Дәурен Айдарқұлов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары