$ 494.87  520.65  4.91

Жазира Байырбекова қыз жасауын халық алдында ақтарып, мақтаныш етуге қарсы шықты

Кімнің қанша қалың мал бергенінде, қыздың артынан қандай киім, қандай ыдыс әкелгенінде көпшіліктің қандай шаруасы бар?

Танымал әнші Жазира Байырбекова қыздың артынан апаратын дүние мүлікті көпшілікке жария ету қазақтың салты екеніне сенбейді, деп хабарлайды Экспресс К. 

Өнер иесі бұл үрдіс соңғы уақытта үдеп бара жатқанына қапалы.

Кімнің қанша қалың мал бергенінде, қыздың артынан қандай киім, қандай ыдыс әкелгенінде көпшіліктің қандай шаруасы бар? Бар адамдар апарсын, бірақ жария етпей-ақ қойсақ болмай ма?, — дейді Жазира Байырбекова.

Әнші бұны "мақтаншақтық, дарақылық" деп түсінетінін жеткізді.

Осыдан 15-20 жыл бұрын қыздың қолынан ұстап ұзату әнін айта бастадым. Бірақ, дәл қазіргідей "әнші қыз ұзату керек" деген ұғым қалыптасып, салтымызға айналып кетеді деп ойламап едім. Жәй ғана тойдың сәнін келтірсем деген ниет қана болды, — дейді өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары