$ 481.84  531.33  5.07

«Сезімім жоқ»: Төреғалидың таяуда ұзатылған қарындасын сүйіктісі тастап кеткен

Жақында ғана ұзатылған Дина Төреәлі жеке өміріне қатысты біраз шындықтың бетін ашты.

Жақында ғана ұзатылған Дина Төреәлі жеке өміріне қатысты біраз шындықтың бетін ашты. Ол жолдасымен екеуінің арасында әуелде сезім болмағанын айтып, басынан өткен оқиғасын баяндап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Төреғалидың күйеу баласы Ернар мен қарындасы Дина ең алғаш танысып, қыз-жігіт ретінде көңіл жарастырып жүрген уақытта талай мәрте ренжісіп, бір-біріне сезімі жоқ екенін ашық айтқан. Тіпті жігіт қызды тастап кеткен екен.

Кейін Дина Төреәлі АҚШ-қа кетіп қалады. Оның қалауы шет елде өмір сүріп, бизнесін дамыту еді. Санаулы күндерден кейін тастап кеткен сүйіктісі қатесін түсініп, қыздан кешірім сұрайды.

Ұмытайықшы жаңағы, кешегі, жалпы ситуацияны. Мен өзім кінәлімін. Барлық қиындықты ұмытайық. Мен отбасым үшін, сен үшін барымды-нарымды беремін. Бізде бәрі жақсы болады, - деп жігіті Динаға SMS жолдайды.

Ғашығынан қатты көңілі қалған қыз да жігітке сезімі жоқ екенін, Америкадан қайтып келмейтінін жазады.

Маған дым ренжімеңіз, барлығы бұлай тез болады деп ойламадым. Мен өзіме "сезімім жоқ" деп айтқан адамға қайта алмаймын, — деп Дина Төреәлі жігітке жауап жазады.


Бір қызығы, екі жастың арасындағы дәл осы жанжалға дейін олардың ата-анасы бір-бірімен танысып, тіпті "тәтті шәй" ішіп, болашақ құдалар алдағы тойдың уақытын да жоспарлап қойған екен. Артқа шегінерге жол жоқ екенін түсінген күйеу жігіт қыздың көңілін тауып, оны АҚШ-тан Қазақстанға қайтуға көндірген. Кейін жүзігін тағып, үйленуге ұсыныс жасапты.

Осылайша үш ай қыз-жігіт болып жүрдік. Үш айдың ішінде мені бір рет тастап үлгерді. Қалған бір айы Америкада өтті. Осылай отбасын құруға қадам жасады, - деп жазды Төреғалидың қарындасы.

Басынан өткен оқиғаны жас келін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары