Халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов қазір ауруханада жатыр. Бұл жағдайды әншінің өнердегі інісі Жігер Ауыпбаев жұртқа жеткізді, деп хабарлайды Экспресс К.
Нұрғали Нүсіпжановтың денсаулығына алаңдаған әнші өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында арнайы пост жазып, өнер иесінің тез жазылып кетуін тілеген.
"Нұрғиса Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқовтай тұлғалардың көзін көріп, шығармашылық байланыс жасаған қазақ шоу-бизнесінің мэтрі Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз сырқаттанып ауруханада жатыр екен. Алла шипа берсін, Нұр аға! Жазылып кетіңіз, сіз қазаққа керексіз",— деп жазды Жігер Ауыпбаев.
Сондай-ақ Жігер дәл осы жазбасында бүгінде өнердегі қаншама іні-қарындастарының 85 жастағы Халық артисінің аман-саулығын тілеп, жазылып шыққанын тағатсыздана күтіп отырғанын жеткізді. Ауыпбаевтың бұл постына отандық эстраданың өзге өкілдері де жарыса жылы лебіздерін қалдырған.
Алла шипасын берсін, - деді Абай Бегей.
Алла жеңілдігін берсін, - деді әнші Досымжан Таңатаров.
Алла шипасын берсін, - деді Әйкерім Қалаубаева.