$ 447.4  477.55  4.76

«Кәдімгі хор қызы аспаннан түсті!»: Қыдырәлі Болманов жарына сезімін білдірді

Сол күні мейірімді Алла, екеумізді қол ұстатқызып, жүрегімізді біріктірді.

Танымал әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов әйелі Қарақат Әбілдинамен қалай танысқанын айтып, жарына арнап әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"1 желтоқсан! Есімде, жерлес генерал ағамыздың мерей тойына "АБК" тобымен бардық. Той қонақтары түрегеп тұрып, қол соғып, керемет қошеметпен қарсы алды. Қонақ көп. Той дүркіреп өтіп жатыр. Бір кезде ақ аспан қақ айырылып, ақ бұлттардың арасынан, қауырсындай жеңіл, еліктің лағындай сүйкімді, екі иығынан қос бұрымы тізесінен төмен түскен, екі көзі жаутаңдаған, жан-жағына үрке қарап, қолына домбыра ұстаған, кәдімгі хор қызы аспаннан түсті! Әлде маған солай көрінді ме екен? "АБК" тобымен стадиондарда концерттер беріп, ел аралап жүріп, небір сұлуларды көрдім. Бірақ сенен басқа ешқайсы сен сияқты аспаннан алдыма келіп түсе алмады…" - деп жазған өнер иесі парақшасында.
Әнші Қарақат Әбілдинаның қандай қасиеті ұнағанын айтты. 

"Қарындас, сізді шығарып салайын, мүмкін болса" деген өтінішіме "апам алып келіп еді, сол кісімен қайтамын" дегенің де ұнады. Осы көріп тұрған "ертегімнің" ұнағаны сондай, сол күн түнгі сағат 12:00-де, Қыдекең консерватория жатақханасының есігін қағып тұрды. Сол күні мейірімді Алла, екеумізді қол ұстатқызып, жүрегімізді біріктірді. Бүгінгі шаруамды ертеңге қалдырмауға тырысатын әдетім, Алланың қалауымен бақытыма жолықтырды! Аллаға сансыз мадақтар болсын!"- деп жазған әнші.

Өнер иесі әйеліне сезімін білдіріп, оқырмандарына бақ-береке тіледі. 

"Балаларымыздың, ай менен күндей болып шуақтарын шашып келген қыздарымыздың Алла бақытын бірге көруді нәсіп етсін, жүрегім! Өсіріп, өндіріп, немере, шөбере, шөпшек, немене сүйгізсін! Алла ырыс, құт, береке, бұл өмірдің бар жақсылығын бірге көруді, екеумізге екі өмірдің абырой-бақытын нәсіп етсін! Оқып отырған Сіздің де отбасыңызға бақыт, береке тілейміз"- деп жазған өнер иесі парақшасында.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпты айтулы күнмен құттықтап, пікір қалдырған. 

"Керемет жазылған. Иә, жарыңыз барлық мадаққа лайық. Алтын асықтай ұл-қыздың анасы. Алла тіл-көзден сақтасын", "Әумин! Бақытты болыңыздар", "Бақытты болыңдар, Болмановтар әулеті", "Әумин! Айтаныңыз келсін! Әр күні бақытқа бөленіп жүре беріңіздер!", Барлық қазақ отбасына сіздердей бақыт, махаббат, жақсылық тілеймін!", "Алла отбасы бақытын ұзағынан берсін, Аман болыңыздар, бақытты болыңыздар, бетке ұстар отбасы болып жүре беріңіздер","Қандай бақытты жансыз! Жаратқан барша адамның жүрегіне осындай сезімді нәсіп етсін", - деп жазған пікір қалдырғандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары