$ 448.56  478.03  4.79

«Бұл менің қызым»: Атышулы әнші Кәмшат Жолдыбаеваның есейіп қалған қызы бар екені белгілі болды

Өз қызымен отырған сәттің бейнежазбасын әнші әлеуметтік парақшасында жариялады.

Атышулы әнші Кәмшат Жолдыбаева өз оқырмандарына есейіп қалған қызын көрсетті. Тіпті баланың мектеп жасына жетіп қалғанын да көруге болады, деп хабарлайды Экспресс К. 

Өз қызымен отырған сәттің бейнежазбасын әнші әлеуметтік парақшасында жариялады. Видеода Кәмшаттың кезекті би жаттығуына келгенін байқайсыз. Сол аралықта есейіп қалған қызын таныстырып, киіндіріп жатқанын да көруге болады. Тіпті бетінен иіскеп, еркелеткенін де аңғарасыз.

"Бұл менің қызым", дейді әнші бейнежазбада.

Кішкентайын киіндіріп, шығарып салғаннан кейін Кәмшат бірнеше бойжеткенмен бірігіп, би жаттығуын жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары