Белгілі әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова өзіне сезімін білдіріп жүрген жігіттердің көп екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова бұл туралы Youtube-тегі "TALKLIKE" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда ол бірінші некесінің неліктен сәтсіз болғанына тоқталып, болашақтағы жоспарларын бөлісті.
Айжұлдыздың айтуынша, алдағы уақытта ол екінші рет тұрмысқа шығуы мүмкін.
"Ажырасу қателік емес. Бұл — екі адамның тағдыры. Тағдырды қателік деп ойламаймын. Өйткені барлығы бір Алланың қалауымен болады. Барды бар, жоқты жоқ деп қабылдауымыз керек. Сезімін білдіріп жүргендер, әрине, көп. Алдағы уақытта той болуы ықтимал", - деді Айжұлдыз Адайбекова.
Айжұлдыз Адайбекова мен мобилограф Қыран Талапбек осыдан бір жыл бұрын ажырасып кеткен еді. Олардың ортақ некелерінен бір бала бар.