$ 489.06  536.21  5.05

Атышулы Құралай ханым Айгүл Елшібаевадан жалынып тұрып кешірім сұрады

Қателігін түсінген психолог бұл жазбасында Айгүл Елшібаеваға ат мінгізетінін айтып, оны "Ұлы ұстазым" деп атаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Соңғы үш жылда әлеуметтік желіде Құралай ханым мен дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева арасындағы ашық айқас жалғасып келеді. Күні кеше атышулы психолог қателігін түсінгенін айтып, әншіден жалбарынып кешірім сұрады, деп хабарлайды Экспресс К.

Еске сала кетсек, осы уақытқа дейін Елшібаева Instagram-да Құралай ханымның әрекеттерін жиі сынға алған еді. Өйткені психолог халыққа қара магияны үйретіп, соның кесірінен талай шаңырақтың шайқалғанын ашық айтқан.

Алғашқыда Құралай ханым өзіне шүйліккен өнер иесін "өтірікші" деп мән бермеген, кейін "мені көре алмай жатыр" деп топшылаған. Енді Елшібаеваның сөзін растап, одан кешіріп сұрап, көлемді пост жазыпты.

"Міне, бүгін Алланың алдында да, адамның алдында да сенікі дұрыс деп, жылап кешірім сұраймын, Айекем! Мен секілді адасқан пенденің орнын көрсетіп, қасқайып тұратын қайсар мінезіңнен айналдым, Айекем!"— деп жазды Құралай ханым

Қателігін түсінген психолог бұл жазбасында Айгүл Елшібаеваға ат мінгізетінін айтып, оны "Ұлы ұстазым" деп атаған.

"Ешбір коуч, психолог, тренер маған сендей сабақ үйрете алмады. 20 жыл бойы, сенің тегін үйреткен сабағыңды миллиондар төлеп таппай жүрген едім. Жанымды емдеуші, Алламды танытушы, есімді жинатқан Айгүлім, бұл жақсылығыңды мәңгі ұмытпаймын", — деп психолог алғысын айтқан.

Құралай ханымның бұл сөзі Айгүл Елшібаеваның да құлағына жетіпті. Ол да жеке парақшасында өзінен кешірім сұраған психологқа жауап берді.

"Мені "ұлы ұстазым" депті. Ұлы деп Аллаға айтылады. Құралай, өзіңнің кінәңді мойындаған екенсің. Қатындарды теріс үйретіп, елден жинаған ақшаларыңа жын кіріп, емші іздеп, дем салдырған қатындарды емдетіп, сауабын ал. Маған берген антың сол болсын", — деді Елшібаева.

Айгүлдің айтуынша, ол Құралайдың бұл әрекетіне еш қуанбаған. Өнер иесі атышулы психологтың дәл осы жазбасын жасандылыққа балап отыр.

"Алдыма келіп иілген дымың жоқ, мен сені көрмегелі 3-жыл болды, Құрапа. Публикаға өтірік ойнаудың қажеті жоқ деймін. Сау болыңдар, 3-жылдық концерт аяқталды",— деп жазбасын түйіндеді дәстүрлі әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары