$ 487.37  532.94  5.09

«Ұятсыз қатын...»: Әнші Серік Ибрагимовты Мәдина Сәдуақасова төпелеп ұрып тастады

Видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
фото: exk.kz
фото: exk.kz

Әнші Серік Ибрагимовты Мәдина Сәдуақасова төпелеп ұрып тастады. Жағдай концерттік кешке дайындық кезінде болған, деп хабарлайды Экспресс К

Бейнежазбаны әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіге жүктеді. Видеода Серік Ибрагимовтың дәлізде екі жігітке ашуланып тұрғанын байқайсыз. Тіпті ол әлгі екі азаматты жұдырықпен ұра бастайды. Мұны байқаған Мәдина Сәдуақасова бірден олардың арасына түсіп, Серіктің өзін төпелей ұрады. Кейін кеудесінен итеріп, сүйреп алып кеткен.

"Негізі, ондайым жоқ еді. Інілерім ғой бәрі. Нең бар еді? Араласпау керек еді дейсіздер ме", — деп жазады әнші бұл бейнежазбаға.

Ал желі қолданушылары болса әншілердің екеуін де сынап жатыр. Бірі Мәдинаны ер адамға қол көтеруге болмайды деп сынаса, енді өзгелері Серіктің жанындағыларға әлімжеттік көрсетуі дұрыс емес дегенді алға тартқан.

"Неге сонша жеңілтексіз". "Мына Серік құтырайын депті. Көргенсіздік". "Мынауың не ұятсыз қатын, 45-ке келдің ғой". "Ерсі екен қылықтарың". "Мәдина жасыңа сай әрекет жасамайсың ба". "Серік деген сайын, бұл да құрттай болып өзінше". "Жасанды бәрі", — деген ашулы, сынаған жазбаларын қалдырған желідегі жұрт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары