20.12.2022, 11:40

Әнші Төреғали Төреәлі түрмеден видео жариялады

Фото: видеодан скриншот
Ұлы далада тұлпардай кең көсілген жылқы мінезді қазақ тұсау мен кісен көрмей мәңгілікке еркін болғай!

Танымал өнер жұлдызы өзінің әлеуметтік желілері арқылы көрермендеріне мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Экспресс К.

Әнші Төреғали Төреәлі өзінің Instagram-дағы парақшасы арқылы жаңа әні мен клипін таныстырды. Оның айтуынша, "ұрпағым жылынсын деп өздерін отын еткен, келешегім кеңістікте жүрсін деп өздерінің ғұмырын абақтыда өткізген ата-бабаларымыз аз емес".

"Тәуелсіздік күнін күліп тойлап отырсақ, фәниден жылап өткен жақсы-жайсаңдардың арқасында деп білемін. Ұлы далада тұлпардай кең көсілген жылқы мінезді қазақ тұсау мен кісен көрмей мәңгілікке еркін болғай!" — дейді әнші.

Бұл Төреғали орындаған жаңа әннің бейнебаяны екен. Оның сөзін белгілі айтыскер Ринат Зайытов, әуенін Ерген Айтымбетов жазған. Ал бейнебаян әнші Мейрамбек Бесбаевтың идеясы бойынша түсірілген.