20.12.2022, 15:20

Баян Алагөзова мен Қуандық Шәкіржанов «Жыл сүйісуі» аталымына ие болды

Фото: ашық дереккөз
Арнайы статуэтканы алуға актер Шәкіржановтың өзі ғана келді.

"Қызық премия" жаңажылдық әзіл жобасында "Жылдың үздік сүйісуі" аталымының иегері анықталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Әр аталым бойынша жыл үздіктерін анықтау сәтінің толық теленұсқасы әлі жарыққа шыққан жоқ. Бірақ әлеуметтік желіде үзінділері тарап кетті. Мысалы, "Жылдың үздік сүйісуі" аталымының иегерлерін атаған тұсы жария болды. Үміткерлер арасында Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртас, Шәріп Серік пен Зарина Хаджиметова, Қобыланды Болат пен Жәнел Серғазиеа, Қуандық Шәкіржанов пен Баян Алагөзовалар бар.

Бір айта кетерлігі, Төреғали мен Қайраттан басқасының сүйісуі — кинодағы эпизодтар. Осы аталымға Қуандық Шәкіржанов пен Баян Алагөзова ие болды. Арнайы статуэтканы алуға актер Шәкіржановтың өзі ғана келді.

Әлеуметтік желіде вирусқа айналып кеткен бұл сүйісу процесі "Донор" фильмінен үзінді болатын.

"Аға қатырды", "Қалжың айту жағынан осы екі жүргізшіге тең келетін ешкім жоқ шығар", "Осы кісі жарды", "Мұндай премиялар көбейе берсін", "Қайрат пен Төреғалиды номинацияға кіргізгендері қызық екен", — деген пікірлер бар желіде.