21.12.2022, 12:20

«Өзбекстанға жақын жерден арнайы іздедім»: Айдар Тұрғанбек екінші әйелін қалай таңдағаны туралы құпиясын ашты

Фото: ашық дереккөз
Айдар Тұрғанбек әйелімен отбасын құрмас бұрын қыз-жігіт болып кездесіп жүрмепті.

Әнші Айдар Тұрғанбек екінші әйелін ұшақпен алып қашқан. Өнер иесі бірінші некеде сүрінгеннен соң, екінші рет отбасын құрарда жан-жақты ойланғанын жасырмады. Қызығы, болашақ жарын (менталитеті ұнағандықтан) өзбек еліне шекаралас өңірлерден арнайы іздепті. 

Бұл туралы ол 1001 түн бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Келісіммен алып қаштым. Шымкентке бір қора әнші болып, арнайы ұшақ жалдап тойға бардық. Әйгерім шығып тұрды. Қайтарда Әйгерімді алып қайттық.

Жарды оңтүстіктен, Жетісай, Сарыағаштан, Ташкентке шекаралас жақтардан арнайы іздедім. Өзім Сарыағашта өстім. Теледидардан 2000-жылдарға дейін Өзбекстанның арналары ғана көрсетілетін. Қазақша 1-2  ғана арна бар. Өзбектердің сериалдарын қарап өстік. Күйеуін сыйлап, сіз деп сөйлеу, "отағасы", "қожайын" деу ол жақта дамып кеткен. Жеңгелерімді көріп өстім, ол жақта әйелдер күйеулерінің атын мүлдем атаған емес", - деді әнші.

Айдар Тұрғанбек әйелімен отбасын құрмас бұрын қыз-жігіт болып кездесіп жүрмепті.

"Бір-бірімізді 3 рет қана көрдік. Содан отау құрып кеттік. Үйленгеннен кейін тәтті қылықтары шыға бастады. Бір-бірімізді жақын таныған сайын махаббатымыз артты", - деді.

Және жарды әркім өз аймағынан таңдаудың дұрыстығын жеткізді. "Менің ұстанымым осы! Сонда тезірек үй болып кетеді", - деген Айдар Тұрғанбек.

Еске салсақ, Айдар Тұрғанбек бұған дейін ақтаулық қызбен шаңырақ көтерген болатын.