$ 481.84  531.33  5.07

Кезінде «Дикий Арманның» алдында әзіл айтқан Қайрат Әділгерей: «Оны танымаймын»

Тек арнайы шақыртумен өнерін көрсетіп, көрсеткен еңбегіне сай ақшасын алып қайтыпты.

Арман Жұмагелдиев қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылардың бірі ретінде қамауға алынған сәттен бастап Қайрат Әділгерейге жұрт тыныштық бермей жүр. Өйткені танымал актер кезінде дәл сол "Дикий Арманның" алдында әзіл айтып, сауық-кеште бірге көңіл көтерген. Бірақ кейін қылмыс әлемінің серкесі түрмеге түскенде Қайраттың үнсіз қалғанын айтып, оны халық сынайтын көрінеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұрын Арман Жұмагелдиев бостандықта жүргенде оның қарсы алдында әзіл айтып, бар өнерін ортаға салған әртістер қазір неге үнсіз? Мұның себебін актер Қайрат Әділгерей Экспресс К тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

"Кезінде "Дикий Арманның" қасында қолшоқпары болып жүрдіңдер, қазір неге көмектеспейсіңдер" дейді. Біз бұрыннан бір салада жүрген адам емеспіз. Оның басындағы іске қатысты менің шатағым да, шаруам да жоқ. Ел мені жерден алып, жерге салды, шыны керек, — дейді Қайрат Әділгерей.

Халықтың сынына ұшыраған Қайрат бұл тақырыпқа нүкте қойғысы келеді. Актердің айтуынша, ол "Дикий Арманмен" жақынырақ араласып, әңгіме-дүкен құрмаған. Тек арнайы шақыртумен өнерін көрсетіп, көрсеткен еңбегіне сай ақшасын алып қайтыпты.

Бізді шақырды, жолымызды төледі, өнерімізді бағалады. Біз өнерімізді ұсындық та, ары қарай онымен біте қайнасып, оның тірлігіне араласқан емеспіз. Оны жақтауға да ешқандай себеп жоқ. Өйткені мен оны танымаймын да. Бұл менің кірісетін жерім емес, — деді актер.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиев қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған еді. Ол қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергелуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары