23.12.2022, 11:00

«Өмір тоқтап қалды»: Ләйлә Сұлтанқызы қайтыс болған күйеуіне арнап естелік видео түсірді

Фото: видеодан скриншот
Оңай емес екенін түйсігіммен түсінемін, өте қиын екен.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қайтыс болған күйеуі Қайрат Беркінбаевты еске алып, оған арнап видео түсірді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Иә, оңай емес. Екі бала. Он баламен қалғандар бар. Мәрзия Тұрлыханованың өмірін қарасаңыз, Роза Рымбаеваның өмірін қарасаңыз. Жастай жесір қалған Әлия Әнуарбектің өмірін қарасаңыз. Оңай емес екенін түйсігіммен түсінемін, өте қиын екен. Қандай қиындықтан өткенін түсінемін. Бірақ жеңді ғой, жеңіп келе жатыр. Баласы үшін жеңіп келе жатыр.

Менің әкем 18 жыл бұрын өмірден өтті. Әкем өлгеннен кейін өмір тоқтап қалды деп ойладым. Болды әрі қарай қалай өмір сүремін деп ойладым. Қазір мысалы әкемді құран бағыштап, мінезін, жасаған жақсылықтарын еске алып отырамын. Екі жыл бұрын ағам дүниеден өткен кезде басымды көтере алмайтын шығармын деп ойлағанмын.

Өйткені, кімге барып шағымданамын, кімге барып сырымды айтамын деген сезім болды. Дүниеден өткесін 4 күннен кейін ағамның алтыншы баласы өмірге келді. Мен кімге жылаймын, кімге шағымданамын көз алдымда жеңгем 6 баламен қалды. Өзімді осылай қараймын. Көп нәрсені жыламай айту мүмкін емес", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.