$ 481.84  531.33  5.07

«Өзгеріп кетті»: Тележүргізуші Айгүл Мүкей Айгүл Иманбаевамен қарым-қатынасы туралы сыр шертті

Оқырмандары өнер иелерінің өзгеріп кеткенін айтып, таңданыстарын жасырмады.
фото: әлеуметтік желіден
фото: әлеуметтік желіден

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей өнердегі әріптесі, әнші, актриса Айгүл Иманбавамен таныстығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz. 

Отандық тележүргізуші желідегі парақшасына Айгүл Иманбаевамен түскен суреттері мен видеосын жариялады. Оқырмандары өнер иелерінің өзгеріп кеткенін айтып, таңданыстарын жасырмады.

“Біз әрқашан жақсы қарым-қатынастамыз. Біздің атымыз өмірде жиі кездессе де, сахнада, телевидениеде көп аталмайтын. Бір-бірімізге: “Сәлем аттас, қалың қалай, құрдас, қайда жүрсің курстас” дейміз, – деп жазды Айгүл Мүкей.

Сондай-ақ ол өздерін Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясы табыстырғанын айтты.

“Айгүл кішкентайларымды босанғаннан кейін менің өзгеріп кеткенімді айтты. Мен бұл сөзімен келістім. Ал оның 25 жастағы ұлы білімімен, дүниетанымымен таңғалдырып жүр. Бірақ біз жас кезіміздегідей сұлумыз, актрисамыз және әлемді бағындыру туралы ойынан ешқашан бас тартпайтын әйелдердің қатарынанбыз ”, – делінген жазбада.

Желі қолданушылары Айгүл Иманбаеваның өзгеріп кеткен айтып, пікір қалдырды.

“Айгүлдің көздері басқаша болып тұр”, “Танымай қалдым. Айгүл әдемі келіншек еді ғой”, “Айгүл Иманбаеваның сәтсіз түскен суретін әдейі қойдыңыз ба?”, – деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары