$ 494.87  520.65  4.91

Мөлдір Әуелбекова: «Кітап жазып, психолог боламын»

Психология сізден қалған ғой.
© instagram.com/moldir.auyelbekova
© instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде жазба жариялап, оқырмандарына жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Мен осы жасқа келіп, көп жағдайды бастан кешіп, өмірлік миссиямды енді түсінгендеймін! Жаңа мамандыққа бет бұратын себебім: ақылым тасып, қазіргі таңда осы салада нақ мен жетіспей тұрғандаймын! Біраз толғанып, көп ойлана келе, өзім жайлы кітап жазып, "психолог" боламын деп шештім”, – деп жазды Мөлдір.

Ол жазбаның соңында мұны “әзіл” екенін айтқан. Бірақ өнер иесінің бұл ойы көпшіліккке ұнап қалған көрінеді. Желі қолданушылары әншінің психологияда да қолдау табатынын жазды.

“Курсыңызға бірінші болып қатысар едім”, “Сіздің психолог ретінде елестете бастап едім”, “Қазақ еліне тағы бір психолог дейін деп ем”, “Сеніп қалдым ғой”, “Психология сізден қалған ғой”, “Оқудың ерте-кеші жоқ”, “Сізге жарасады”, – деп жарыса жазып жатты желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары