Судья Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша айыпталған Мейіржан Төребаевтың адвокатының өтінішін қанағаттандырып, бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үй қамағына ауыстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Енді блогер жазасын өз үйінде өтейді, ал сот процестері толықтай онлайн режимде өтеді.
«М. Төребаевқа қатысты бұлтарпау шарасы үй қамақта ұстау шарасына ауыстырылды.Сот отырысы 9 қаңтар күні сағат 10:00 ге тағайындалды», - делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпан айында Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. 20 сәуірде олар 10 күнге қамауға алынды, содан кейін қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды. Кейінірек қамауға алу мерзімі тағы бірнеше рет ұзартылған болатын.