Дана Есеева жұбайы Мейіржан Төребаевтың үйқамаққа шығуына байланысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дана Есеева Instagram желісінде Мейіржанның балалармен және отбасымен уақыт өткізген сәттерінен видео жариялады.
"Үйде, анамызбен, балалармен, отбасымызбен. Аллаға шүкір, бәрін білуші өзің", - деп жазды блогердің әйелі.
Естеріңізге сала кетейік, белгілі вайнер және блогер Мейіржан Төребаев қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды. Мұндай шешім қаржы пирамидасы ісі бойынша алдын ала тыңдау барысында қабылданған болатын.
Айта кетейік, биыл ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын.