$ 498.34  519.72  4.85

Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған елге ерегесіп, әдейі әншілікке келгенін айтты

Қайрат Нұртаспен жарыса ән шырқап жүрген анасына желідегі жұрт неше түрлі жағымсыз пікір жазады екен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Соңғы кездері әншілікке бет бұрып, тойларда жиі бой көрсетіп жүрген Гүлзира Айдарбекованың дауысын жұрт жақтырмайды. Бірақ атышулы продюсер халықтың сөзін елеп жатқан жоқ. Тіпті ол өзін сынға алған көпшіліктің аузын жабу үшін әдейі ән жаздырғанын ашық айтты, деп хабарлайды Экспресс К сайты.

Қайрат Нұртаспен жарыса ән шырқап жүрген анасына желідегі жұрт неше түрлі жағымсыз пікір жазады екен. Көпшілік Айдарбековаға әлдеқашан "Мақтаншақ" деген лақап ат қойып қойған. Мұны естіген Гүлзира елге ерегесіп "Мақтанамын" деп аталатын әнді әдейі жазып, оны ұлымен бірге орындап шыққанын жасырмайды.

"Бұрындары мен әнші емеспін, балам жетіп жатыр, бір үйге бір әнші жетеді. Мен — продюсермін, продюсер деген — хит завод, әнші — продукциясы. Түсінген адамға әншіден менің абыройым жоғарырақ" деп оңай жолдарымен түсіндіретінмін. Сөйтсем, Алланың жазғаны болады екен. Сахнада ұлымның концертінде ана мен бала әнін "жастарға өнеге болсын деп айту керек" деген ұсыныспен ән жазылды. Қайраттың концертінде айтуын айттым-ау. Үлкен сахнада аяқ-қолым дірілдеп, әннің сөздері жүрегімді шымырлатып өзімді ұстай алмай, кеудемді өксікке толтыра әрең айтып шықтым да, сахна сыртына барып әбден жылап алдым. Әннің сөздері бүкіл өмірімді қиындықтары мен уайымдарымды, армандарымның орындалғанын көз алдыма бір-ақ алып келді. Ол "Мақтанамын" деген ән болатын. "Мақтаншақ" дегендерге нүктесін қояйық деп әнімізбен жеткіздік", — дейді Гүлзира Айдарбекова.

Дәл сол концерттен кейін Гүлзираға сахна ұнап, шабыты оянған көрінеді. Ол отағасы Нұртас Айдарбековпен бірге үндінің атақты "Зуби-зуби" әнін қазақшаға аударып орындаған.

"Сонымен тойларға сұраныстар түсе бастады. Арасында "қызымызды сіз ұзатасыз, әулетте сен тұрғанда басқа адам іздемей-ақ қояйық, қызымызға Алла сенің жолыңды берсін" деп ағайындар шақыра бастады. Артынша шақыртулар көбейе бастады. Мінекей, Алланың жазғаны деген осы шығар. Алла шебер деген, біздің дегеніміз бола бермейді. Бәрін ретімен келтіре береді екен. Жалған парақшамен мұқатып жазатындар көп, бірақ сұраныс болмаса қоя салар ма едім, керісінше шақыртулар көп. Елдің де көңілін қалдырғым келмей, жолдасыммен жұбым жазылмай, қол ұстасып осылай шапқылап жүргенім сол енді, не десеңіздер де", — деді Қайрат Нұртастың анасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары