$ 481.84  531.33  5.07

«Қатындарының қойнында...». Мақпал Жүнісова қарамағындағы жұмысшыларына шүйлікті (ВИДЕО)

Онда жалғыз өзі жауған қалың қарды күреп жүргенін байқайсыз.

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова жаңа жыл түнінде жауған қарды тазалаған бейнежазбасын жариялады. Тіпті ауладағы ақ ұлпаны жеңіл болсын деп қызына көлікпен таптатқан, деп хабарлайды Экспресс К. 

Бейнежазбаны әнші әлеуметтік желіге жүктеді. Онда жалғыз өзі жауған қалың қарды күреп жүргенін байқайсыз. Тіпті қызы Мерейді көлік тізгініне отырғызып, арлы-берлі таптатқан. Әншінің айтуынша, дәл осылай көлік таптаған ақ ұлпаны тазалау жеңіл болады.

"Мына жерді тазалап қойдым. Сосын Мерейге көлікпен жеңілдетіп бер дедім. Бұлар таңда ұйықтаған ғой. Күзетші мен шопырды да үйіне жібергенбіз. Енді телефондарын алмайды. Қатындарының қойнында жатқан шығар", — дейді әнші бейнежазбада.

Сондай-ақ ол қар тазалаудың денсаулыққа пайдалы екеніне де тоқталады. Әрі қимыл-қозғалыстан бір рахаттанып қалғанын айтқан.

Әншінің қар тазалағанына желі қолданушылары түрлі пікір жазуда. Бірі оның осы белсенділігіне риза болатынына тоқталса, енді өзгелері жаңажылдық тілектерін арнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары