$ 444.22  476.38  4.82

«Мекке мода көрсететін жер емес»: Қажылықта жүрген Айдана Меденова сынға қалды (ВИДЕО)

Әсіресе оның қағбаның қасында тұрып, айнала жүрген сәті көптің ашуын туғызды.

Бес парызының бірін өтеп жүрген танымал әнші Айдана Меденованың қағбаның қасында жүрген видеосы көпшілікке жақпай қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Instagram парақшасындағы ашық-шашық түскен фотоларының барлығын өшіріп тастаған Айдана Меденова қазір қасиетті жерде мінәжат етіп жүр. Ол бұған дейін бірнеше жылдан бері бес уақыт намаз оқитынын айтқан еді. Меккеде жүрген әнші түбегейлі дінге бет бұрған секілді.

Мен енді жүрек қалауымен ғана Алла бағыттаған жолмен жүргім келеді. Бұл менен ешкім тартып ала алмайтын — шындық! Маған берілген сый осындай болды... Аллаға мың да бір шүкір, — деп жазды Айдана Меденова.

Алайда әншінің жаңа образына қатысты түрлі пікір айтылып жатыр. Әсіресе оның қағбаның қасында тұрып, айнала жүрген сәті көптің ашуын туғызды.

"Қазақша орамал тақсаң нетті?! Мың есе әдемі ғой, арабша тақ деп міндеттемейді ғой құран", "Айдана, оранбай-ақ салт-дәстүрімізді сақтап жүруге болады. Неге орандың? Оранбай жүрген қаншама тамаша қыздарымыз бар. Біртірлі көрінеді екен", "Қажылық ойыншық болып кетті-ау. Мода көрсетіп журсіз ба?", "Осылардың орануы да, шешінуі де тез", — деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары