06.01.2023, 15:20

Баян Мақсатқызының әкесі қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз
Асыл ер, абыройлы азамат, аяулы жар, ардақты әке, қазақ мәдениеті мен руханиятының жанашыры Мақсат Зайлағиұлы Мұхитденов өмірден озды.

Тележүргізуші, журналист Динара Сәтжан Баян Мақсатқызы әкесі Мақсат Мұхитденовтен айырылғанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Менің құрбым Баян бүгін әкесінен айырылды. Иманды болсын! Бұл - адам үшін үлкен қайғы", - деп жазды Динара Сәтжан Instagram-дағы парақшасына.

Қайғылы хабарды Кешью тобының директоры Назым Басқынбаева да хабарлады.

"Асыл ер, абыройлы азамат, аяулы жар, ардақты әке, қазақ мәдениеті мен руханиятының жанашыры Мақсат Зайлағиұлы Мұхитденов өмірден озды. Қашан да жүзі жылы, сабырлы, ақылы мен тәжірибесін ортаға салып, бағыт-бағдар нұсқауға дайын, зиялылықтың символындай болған керемет жан еді... Қабырғамызды қайыстырған қаралы хабар оның айрандай ұйып отырған отбасына ауыр соққы болып тиді. Аса қадірлі Гүлжамал Айдарқызына, Бәтес, Баян және Бағым ханымдарға, олардың өмірлік жарлары Марат, Тұрсынғали, Әділжан мырзаларға, немерелері Айдар, Ақбота, Айсәуле, Айару, Арланға, шөберелеріне қайғырып, көңіл айтамыз. Мақсат ағамыздың иманы саламат болып, жаны жаннаттан жай тапсын!", - деп жазды Назым Басқынбаева.