$ 481.84  531.33  5.07

Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі туған күнінде әншілерге доллар шашты

Айнұр бір мақтанып, күйеуі бір мақтанып шаршатты.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев жақында 40 жас мерейтойын Стамбұлда дүркіретіп өткізген. Сол тойға Қазақстаннан бір топ әнші барған. Олар бос қайтпай, қалталарын көк доллармен қампитқан екен, деп хабарлайды Экспресс К.

"Қаңтар оиқғасына" қатысы бар деп қамауда отырған "Дикий Арманның" досы Нұржан Иманәлиевтің мерейтойына әншілерден Наркенже Серікбаева да қалыс қалмаған. Ол бұған дейін "Дикий Арман" ұйымдастырған кештерде бірнеше ән айтып көзге түскен. Тіпті, қылмыс әлемінің серкесі лақтырған доллардың арқасында 8 бөлмелі үй алдым деп айтқан болатын.

"Дикий Арман" жоқ болса, Наркенжені Нұржан да ренжітпепті. Ол ән салып тұрғанда көмекшісі әншінің қалтасына біраз ақша салды.

"Сұмдық қой мыналар", "Айнұр бір мақтанып, күйеуі бір мақтанып шаршатты", "Ақша не істетпейді?", "Туған күн біткенде берсе де болады емес пе?", "Әншілердің ойлары қалтаға қанша салады екен деп тұрған болар" - деген сарындағы пікірлер өте көп жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары