Дәл қазір Жігер Ауыпбаевтың сөзі желіде қызу талқыланып жатыр. Әнші жігіт өзінің сұңғақ бойлы екенін айтып, сәби сүйгісі келетін қыз-келіншектерге ашық ұсыныс тастаған, деп хабарлайды Экспресс К.
Ғаламторда тараған видеода Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі тікелей эфирде көпшілікпен әңгімелесіп отыр. Әншіге ғашық қыздардың бірі тосыннан сұрақ қояды.
Сіздің бойыңыз неше? Бойыңыз ұнайды, — деп сұрады оқырмандарының бірі.
Жігер бұл сұрақты жауапсыз қалдырмады. Алып денелі әнші өзінің ұзын бойымен мақтанып, желідегі қыз-келіншектерге үндеу тастаған.
Бойым 1.95 сантиметр. Асыл тұқымдымын. Тұқым алып қалыңыздар, — деді Жігер Ауыпбаев.
Әншінің бұл ұсынысы қыздарға қатты ұнап қалса керек, олар бірден қызығушылық танытып, Ауыпбаевты сұрақтың астына алған.
Тұқым тегін бе, алайық па? — деп сұрады қыздардың бірі.
Бұл сұрақ Жігерді тығырыққа тіресе керек, ол жауап берген жоқ. Сондай-ақ әнші жігіт дәл осы видеода актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбетпен арадағы жақын қарым-қатынасы туралы да жұмбақтап айтқан.