Тұрсынбек Қабатов – «Хабар» агенттігінің креативті продюсері болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews ақпарат порталы. Бұл туралы "Хабар" агенттігінің төрағасы Берік Уәли әлеуметтік желіде жариялады.
"Белгілі өнер қайраткері Тұрсынбек Қабатов бүгіннен бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның креативті продюсері ретінде қызметке кірісті.
Бойындағы таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында халықтың ықыласына бөленген Тұрсынбек Аманғалиұлы қолға алған кез-келген жоба табысты болып жатады. Ол әдемі қалжыңы арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, әрдайым көпшіліктің көкейіндегі айтып жүретіні белгілі. Оның ішінде отандық телеарналардағы «Әзіл әлемі», «Көңілді тапқырлар алаңы» сияқты жобалары көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие" - деп жазды Берік Уәли.
Сондай-ақ, оның айтуынша «Хабар» арнасындағы Тұрсынбек Қабатов жүргізген «Жұп-жұбымен», «Cover show» сияқты жобалар да жоғары нәтиже көрсетіп, Агенттік үшін табысты хабарлардың біріне айналған.
"Тұрсынбек Аманғалиұлы жаңа қызметінде көрерменнің көзайымына айналатын тың, қызықты жобаларды әзірлеумен және үйлестірумен айналысады.
Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз", - деді "Хабар" АҚ Басқарма төрағасы.