13.01.2023, 16:40

«Осы аурудан өлем, білем!»: Желіде Жүрсін Ерманның аянышты видеосы тарады (ВИДЕО)

Бұл өлеңді естіген жұбайы бірден "Қойшы, жынды ма?" деп Жүрсін Ерманға әуелде ұрсып тастайды, кейін отағасының маңдайынан сүйіп, көзіне алғанын аңғаруға болады.

Ауруханада төсекке таңылған Жүрсін Ерманның жағдайы бүкіл жұртты алаңдатып отыр. Дәл сол бейнежазбаны ақынның өзі әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлайды Экспресс К. 

Ғаламторда тараған бейнероликте Жүрсін Ерман аурухана төсегінде жатыр. Жанында жұбайы Бақытжамал бар. Сырқаттан әбден шаршаған азулы ақын жан-жарына жүрек тебірентерлік өлең жолдарын оқып берген.

Жамкен-жан, осы аурудан өлем білем,

Алланың аманатын берем білем.

Кеудемнен көкала үйрек "қош" деп ұшты,

Сол шіркін, кәрі жолдас өлең білем, — деді Жүрсін Ерман.

Бұл өлеңді естіген жұбайы бірден "Қойшы, жынды ма?" деп Жүрсін Ерманға әуелде ұрсып тастайды, кейін отағасының маңдайынан сүйіп, көзіне алғанын аңғаруға болады.

Сондай-ақ Жүрсін Ерман жеке парақшасына тағы бір жүрек тебірентерлік видео жүктеген. Әлгі бейнежазбада жұбайы екеуі жақынынан айырылған жандардың өмірі туралы өлең жолдарын талқылап жатыр.

Ақынның дәл қазіргі хал-жағдайын көрген танымал өнер майталмандары жылы лебізін жазып, амандығын тілеуде.

Айта кетейік, бүгінде Жүрсін Ерман Швейцарияның Женева қаласында ем қабылдап жатыр. Ақынды аталмыш мемлекетке шетелдік құдасы Тедрос Гебреисус шақыртқан еді. Ол — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы.