$ 498.34  519.72  4.85

«Еріні кеседен басқа жерге тимеген қыз іздеп жүрмін» - Әнші Ұланғасыр Қамиев

Әншінің әлеуметтік желіде жолданатын сауалдардың басым бөлігі — жеке өмірі туралы.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қалың көпшілікке "Қызыл раушан" хиті арқылы танылған Ұланғасыр Қамиев әлеуметтік желіде өте белсенді. Ол оқырмандарымен түрлі тақырыпта әңгімелеседі. Бүгінде шоу-бизнестің жұлдызына айналған әнші бұл жолы өзіне қандай қыз лайық екенін айтқан, деп хабарлайды Экспресс К

Ұланғасыр Қамиевтің Instagram-да 142 мың оқырманы бар. 23 жастағы бойдақ жігітке әлеуметтік желіде жолданатын сауалдардың басым бөлігі — жеке өмірі туралы. Интернет қолданушыларының бірі оған: "Неге әйел алмайсың?" деп сұрақ қойыпты. Хит әнші өзіне қандай ару лайық екенін ашық жазған.

"Еріндері кеседен басқа жерге тимеген қыз іздеп жүрмін. Қайдағы әйел?",— деді Ұланғасыр Қамиев.

Дәл осы жауаптан кейін әнші жігіттің жеке өміріне бағытталған сауалдардың саны арта түскен.

Егер өзіңізден 10 жас кіші қызды ұнатып, егер ол келісім берсе үйленер ме едіңіз?,— деп сұрады оқырмандарының бірі.

Әнші Ұланғасыр Қамиев жар таңдауда ер адамнан әйелдің жасы кіші болу керектігін айтып, оның пайдалы тұстарын тізбектеп берген.

" Әйеліңнің жасы кіші болған сайын одан мықты ұрпақ дүниеге келеді деген бар", — деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары