Қазақстанның шоу-бизнесінде танымал әнші Алтынай Жолдыбаева жануарларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Экспресс К.
Ол өзінің желідегі парақшасына видео жүктеп, "иттердің харам екенін білемін, бірақ олар сондай сүйкімді" деп жазған. Алайда оған пікір жазушылар басқа ойда екенін байқауға болады.
"Итті жеуге болмайды, а былай оларды ұстап, жақсы көруге болады", "Харам емес қой, тек етін жеп, үйге кіргізуге болмайды", "Қор қылдыңдар ау...", "Маған оның бұрынғы образдары ұнаушы еді", "Харам емес, тек көйлегіңізге сілекейі тиіп кетпесе болды",
— деп жазып жатыр адамдар.