$ 494.87  520.65  4.91

«Үш рет күйеуге шықтың»: Тұрсынбаева ене мен келін жайын қозғаймын деп ұятқа қалды

Келін күйеуінің алдында еркелегісі, әдемі болғысы, киімін шешкісі келеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева халықтың сынына қалды. Ол жұртқа ене мен келіннің ара қатынасына қатысты ақыл-кеңес бергісі келген, деп хабарлайды Экспресс К

Әлеуметтік желіде тараған видеода Айнұр Тұрсынбаева келінмен қандай байланыс қалай болуы керектігін, ұл мен келін баланың махаббатын арттыру үшін не істеу керек және ененің сыйлы болуы үшін қандай жол таңдау дұрыстығына тоқталады.

"Қолыңызда келініңіз болса ескеріңіздер, келін күйеуінің алдында еркелегісі, әдемі болғысы, киімін шешкісі келеді. Сол үшін жылына бір рет 10 күнге бөлек қалдырып тұрған жөн. Әйелдің натурасы — қылық. Ал еркекке нәзіктік керек. Соны ойлаңыздар",— делінген бейнежазбада.

Десе де, ақынның бұл ақылын жұрт қатты сынға алған. Тіпті үш күйеуге шыққан адам елге кеңес бергенше өзін жөндемей ме деген пікірлерін қалдыруда.

"Өзің үш рет күйеуге шықтың. Қылық көрсете алмай ажырастың ба? Ұялмай қалай ақыл айтып отырсың?", "Өз жөніңді жөндеп алғын. Ене болып тәжірибе де жинаған жоқсың, қоя ғой", "Басқа-басқа, сен айтпашы, келін болып, ене болып жарытып жатсың ба?", — деген ашулы ойларын жазған желідегі жұрт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#келін #атаене