$ 494.87  520.65  4.91

«До конца алға!»: Өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан жайдарманшы Еркеге қолдау білдірді

Ерке Есмахан кейбір 97-жылғы қыздардан жас көрінеді. Әңгіме жаста емес.

Соңғы күндері Ерке Есмахан мен Raim лақаб есімімен танылған әнші жігіттің махаббат хикаясы қызу талқыланып, түрлі пікірлер айтылуда. Өзінен 12 жас кіші жігітпен кездесіп жүрген Ерке Есмаханды сөгіп жатқандар аз емес. 

Десе де өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан жайдарманшы Мереке Бауыржанқызы Еркеге қолдау білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Мен өте қатты риза болдым Райм батырға. Жігіт сүйсе алады деген осы. Ерке Есмахан кейбір 97-жылғы қыздардан жас көрінеді. Әңгіме жаста емес. Раймға риза болдым. Ерке "молодец"! Махаббат ештеңеге қарамайды. Бақыт тілеймін. Кім не десе де сайсыздар. Жалпы біраз нәрсе жазылады. Маған мысалы Арсенге тұрмысқа шыққанымда бір-екі "қатындар" өліп қалсын деген. Ондайдың талайын естейтін шығарсыздар. Бірақ, берілмеңіздер. "До конца". Алға!", - деген ол.

Сондай-ақ, "Раймға Арсеннің жолын беріп үйленсін енді", - деп тілегін де жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары