$ 487.37  532.94  5.09

«Бізден де бір жаңалық болады»: Жас блогермен суретке түскен Құралай Анарбекова көпшілікті қызықтырып қойды

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

Актриса Құралай Анарбекова көпшілікке NNN лақап атымен танылған блогермен суретке түсіп, жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрдәулет Бектұрсынмен түскен суретін Құралай Анарбекова Instagram парақшасында жариялады.

"Жуырда... Бізден де бір жаңалық болады. Қандай деп ойлайсыздар", - деп жазды актриса.

Естеріңізге сала кетейік, біраз уақыт бұрын актриса Құралай Анарбекова өмірінің келесі кезеңі отбасы құрып, балалы болу керектігін айтқан болатын.

"Мен бақытты жанұядан шыққан адаммын. Әкем мен анам бір-бірін сүйіп қосылған, әлі күнге дейін сүйеді. Менде де "бақытты жанұя құру" деген мақсат бар. Саналы, ақыл тоқтатқан, маған сенетін адамға тұрмысқа шығып, көпбалалы ана атанып, өмірдің соңына дейін бірге тұратын адамды іздедім. Таптым", - деген болатын Құралай Анарбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары