$ 487.37  532.94  5.09

«Ата-анамды алып келдім»: 16 жастағы Нұрмұхаммед Жақып қажылыққа барды

Аллаға шүкір, осы жерге ата-анамды алып келдім. Арманым орындалды.

Қазақстандық жас әнші Нұрмұхаммед Жақып отбасымен Меккеде кіші қажылығын өтеп жүр, деп хабарлайды Stan.kz.

Қажылыққа ата-анасын алып келген ол арманының орындалғанын айтты.
“Жаратқан Aлла, еліміз, жеріміз аман болсын! Қасиетті Қағбада осылай дұға жасадым. Аллаға шүкір, осы жерге ата-анамды алып келдім. Арманым орындалды”, – деп жазды әнші.
Өнер иесінің оқырмандары Нұрмұхаммедке тілектес екендерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
“Қабыл болсын, інім”, “Елім, жерім деп соққан жүрегіңнен. Алла жолыңды ашық қылсын”, “Дұғаң қабыл болсын”, “Қажылықтың парызын жақсы амал қылып өтеуіңе тілектеспін”, “Жарайсың”, – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әнші #Қажылық