$ 487.37  532.94  5.09

Raim Желіде сынағандарға жауап берді

Намыс, тәрбие, қасиет жоқ есі кеткен адам ғана отбасының ортасына түседі.

Өзінен 12 жас үлкен Ерке Есмаханмен некесін қидырған белгілі әнші Raim Желіде сынағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақ елі, былтырғы қаңтарға қарағанда биылғы қаңтар қуанышты ғой. Былтыр соғыс болып, адам өліп, еліміз, жеріміз қанға боялағынын ұмыттыңыздар ма?
Әр адамның өткен-кеткені бар. Өздеріңіз мінсіз адамдай, артымызға неге сонша түсіп алдыңыздар? Іздесек әрқайсысыңыздың кем тұстарыңыз бар. Пендешілікке салынбаңыздар", - деп жазды әнші жігіт.

Оның айтуынша, адамның айтқаны емес, Алланың дегені болады және некелі отбасының ортасына намыс, тәрбие, қасиеті жоқ есі кеткен адам ғана түседі.

"Біз некеміз қиылған жанұямыз. Намыс, тәрбие, қасиет жоқ есі кеткен адам ғана отбасының ортасына түседі. Сондай адамның қатарынан болып, Алланың қахарына қалмаңыздар,
Естігілеріңіз келсе айтайын. Біз шаршадық. Өнерден, өмірден айырылыссақ та, махаббатымыздан айырыла алайтынымызды нық білеміз. Өтініш тоқтатыыздар!", - деп толықтырды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары