$ 486.44  534.31  5.06

«Еш шағым айтқан емес» - Арман Дүйсеновтің жары

Алайда, ауыратынын айтып, ауыртпашылық салмаған.

Қазақстанның танымал композиторы Арман Дүйсенов дүниеден озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін таңертеңгі уақытта танымал композитордың жүрегі тоқтап, мәңгілік сапарға аттанған.

Айсұлу Дүйсенованың айтуынша, соңғы кездері жұбайының жүрегі жиі сыр беріп жүрген. Алайда, ауыратынын айтып, ауыртпашылық салмаған.

"Өмірден өтетіндей ешбір белгі болмады, ол да еш шағым айтқан емес. Өмірінің санаулы сағаты қалғаны еш байқалмады", - деді композитордың жұбайы Sputnik Қазақстанға.

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов марқұмның әулетіне, туған-туыстары мен барша жұртшылыққа қайғырып көңіл айтты.

"Қайғылы хабар естіп, төбемізден жай түскендей хәлдеміз. Өзінің қоңыр қалпымен, биязы мінезімен күллі қазақ жұртының, өнер ортасының құрметіне бөленген, мәдениет саласына еңбек сіңірген азамат екенін баршаңыз жақсы білесіздер. Мезгілсіз қаза. Ауыр хабар. Алланың ісіне қылар қайран жоқ. Иманы саламат болсын!", - деп жазды Дәуешов.

Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Өмірін қазақ шығармашылығын байытуға арнаған талантты композитор, тележүргізуші, продюсер болып та қызмет етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары