Мәдениет & Шоубиз 27.01.2023 сағат 23:30

«Күйеуім мені ұрса, көзіме шөп салса, сол күні балаларымды алып кетемін» - Мереке Қалбаева

Ондай адамдардың өзгеруі қиын.
«Күйеуім мені ұрса, көзіме шөп салса, сол күні балаларымды алып кетемін» - Мереке Қалбаева
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жайдарман ойындарының актрисасы Мереке Қалбаева күйеуі тарапынан қандай да бір қателіктерге төзбейтінін жеткізді. 

Ол ешқашан жаңа өмір бастауға кеш емес екенін айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілішісі.

Мереке Қалбаеваға оқырмандарының бірі "Мереке, шынымен бақыттысың ба? Жалпы, Арсен жас туралы әзілдеп болсын, басыңды қатырмай ма?", деп сауал қойды. 

Мереке: "Егер мен бақытсыз болсам, жұрттың сөзінен қорқып, ата-анамның абыройын ойлап, сол өмірге шыдап жүретіндердің қатарынан емеспін. Алла сақтасын, күйеуім көзіме шөп салса, ұрса, ішкіш, нашақор, ойынқұмар болса, сол күні бала-шағамды алып кетемін. Ондай адамдардың өзгеруі қиын. 1 пайыз ғой. Алла сана бермесе қиын, сен өзгерте алмайсың. Өз өміріңе немқұрайлы қарама, денсаулық деген аманатыңды күт, балаларыңның психикасын құртпа. Ешқашан жаңа өмір бастауға кеш емес. Алла жар болсын!", деп жазды ағынан жарыла.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар