$ 498.34  519.72  4.85

Анар Батырхан қай ұлттың жігітіне күйеуге шығатынын айтты

Көпшілігі «маған тиген соң, үйде отырасың» дейді. Ондай жігіттермен қарым-қатынасты бірден үземін.
Фото: ғаламтордан
Фото: ғаламтордан

Отандық шоу-бизнесте таланты мен қатар табиғат берген сұлулығымен тамсандырған арулар жетерлік. Солардың бірі – Анар Батырхан. Талай жігіттің түн ұйқысын ұрлаған өнерлі қызға «қашан тұрмысқа шығасың?» дейтіндер аз емес. Мұның жауабын NEGE-ге берген сұхбатында айтты.

– «Күйеуге қашан шығасың?» деген сауалдан шаршаған боларсың?

– Құлағымыз үйренді ғой. Өнер саласындағы басы бос қыздардың бірі болған соң, осындай сауал жиі қойылады. Қазіргі адамдарға жеке бастың жайы қызық болып кетті ғой.

Сезімін білдірген жігіттерден «Егер саған тұрмысқа шықсам, сахнаға шығуыма тыйым саласың ба?», – деп сұраймын. Көпшілігі «маған тиген соң, үйде отырасың» дейді. Ондай жігіттермен қарым-қатынасты бірден үземін.  
Әрине, сөз салатын жігіттер жетеді. Дегенмен,  өнер жолындағы қыздарға өмірлік серігін табу қиындау секілді. Себебі, жасым отызға келгендіктен, мен де алды-артымды саралап, саналы түрде шешім қабылдайтын деңгейге жеттім.

– Шетелдік азаматқа тұрмысқа шығатын қазақ қыздарының саны күн сайын артып келеді. Мұны қалай қабылдайсың?

– Шетелдік жігітті сүйген қыздарды сөгуге менің қақым жоқ. Себебі, өз тағдырымның қалай болатынын білмеймін.

Мәселен, алыс-жақын құрбыларымның арасында «Құдай сақтасын, шетелдікті қайтем» деп жүріп, иран мен араб жігіттеріне тиіп кеткен қыздар бар. Бірақ өз басым ондай қадамға бармас едім. Ұлтымның ар-ожданы мен ата-анадан алған қазақы тәрбием мұндайға жібермейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары