Мәдениет & Шоубиз 29.01.2023 сағат 23:30

«Көзсіз ғашық болдым»: Тұңғышбай Жаманқұлов өзінен 24 жас кіші шәкіртіне қалай үйленгенін айтты

Мен көңілдес бола алмаймын. Мен тек күйеу бола аламын.
«Көзсіз ғашық болдым»: Тұңғышбай Жаманқұлов өзінен 24 жас кіші шәкіртіне қалай үйленгенін айтты
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Танымал театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов жұбайы Дәрия Әбдімәлікқызының өзінен екі мүшел кіші екенін айтты. Актер шәкіртіне көзсіз ғашық болып, үйленгенін Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жасырмай, баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Оқушым, ол кезде сөзді ойлайтын жағдай болмады. Мен оның (әйелінің - ред.) еңбекқорлығына, ой-пайымына тәнті болдым. Таптаурын болып кеткен сөзбен айтсақ, көзсіз ғашық болдым. Белді будым да, осы шешімге бардым. Алдында өмірімнің бәрі жақсы еді демей-ақ қояйын.

Бірақ, оның маған деген үлкен сыйластығы сезімге айналды. Біз жасырын жүруге қорқып, ашық кеттік. Маған біреу "Атағыңыз бар, қызықсыз. Сізден екі мүшел кіші, оны жақсы көрсеңіз көңілдес болып жүре бермедіңіз бе?" деді. Мен "Көңілдес бола алмаймын. Мен тек күйеу бола аламын" деп аузын жаптым.

Құдайға шүкір, екі ұл, бір қызым бар. Үлкен ұлым Мәскеуде университет бітіріп келді. Екінші ұлым тіс дәрігері мамандығын оқып жатыр. Қызым 10 сыныпта", - деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар