Мәдениет & Шоубиз 30.01.2023 сағат 14:40

«Меккеге бару сән болып кеткен бе?»: Тележүргізуші жаппай қажылыққа барып жатқан шоу-бизнес өкілдеріне шүйлікті

Сендер өзі соңғы рет бұл дүниеден өткен ата-әжелеріңнің, жақындарыңның зиратына қашан бардыңдар?
«Меккеге бару сән болып кеткен бе?»: Тележүргізуші жаппай қажылыққа барып жатқан шоу-бизнес өкілдеріне шүйлікті
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тележүргізуші Бибігүл Дәулетбек қажылыққа баруды "сәнге" айналдырған шоу-бизнес өкілдеріне өз наразылығын білдірді. Ол елге келген соң хиджабын шешіп тастайтын әншілерге шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бибігүл Дәулетбекқызы шоу-бизнес өкілдеріне қатысты ойын Facebook парақшасында жариялады.

"Instagram желісін ашсаң болды, алдыңнан Меккеде жүрген шоу-бизнес сайқымазақтары "Умрада жүрмін" деген суреттерін жарыса салуда. Кеше ғана бір жерін жалтыратып жүрген әншілерің шеттерінен орамалға бүркеніп жатыр. Өз қалауы, бірақ сол біреулер миллиондаған қыз-келіншектің миын улайды да, сол хиджабын қайта шешіп тастайтынына жыным ұстайды. Немене Меккеге бару сән болып кеткен бе?!

Соларға "Сендер өзі соңғы рет бұл дүниеден өткен ата-әжелеріңнің, жақындарыңның зиратына қашан бардыңдар?" деп сұрақ қоямын. Әруақ риза болмай - тірі байымайды. Осылай кете берсек, "бір күні Ауған еліне айналамыз ба" деп қорқамын", - деп жазды тележүргізуші.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар