Былтыр айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат әлеуметтік желіге тараған еді. Кейін танымал айтыскер ақын Швейцарияға ем алуға кетті. Ал кеше Жүрсін Ерман әлеуметтік желіге аурухана палатасынан видео жүктеді деп хабарлады turkystan.kz.
Видеодан ақынның айтыс тыңдап отырған сәтін көруге болады.
Ақынның оқырмандары оның тез сауығып кетуіне тілектесіп, жылы лебіздерін білдірді.
«Алла шипасын берсін, аға! Алла сәтін салып, шипа берсін! Саулығыңызды тілейміз», – деген пікірлер қалдырған.